Мүфтият: 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды

0
69

​Конкурсты мүфтият өткізген.


Мүфтият: 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт туристік компания ғана қажылыққа апара алатын болды. Яғни, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының конкурсынан осы төрт компания ғана іріктеліп өткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, жыл сайын қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар лицензиясы жоқ турфирмаларға алданып, ақшасынан айырылып жатады. Сондықтан, қазіргі тәртіп бойынша Мүфтият конкурс жариялай отырып, азаматтарды қажылыққа апаратын туроператорларды іріктейтін болды.

«Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, отандастарымыздың Сауд Арабия аумағында қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Сауд тарапының қажылық саласына қатысты заңды талаптарын сақтау. Туристік фирмаларды арнайы құрылған комиссия іріктейді. Олардың лицензиясын мүфтият «Туристік Қамқор» корпоративті қоры арқылы тексереді», - деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Осылайша, мүфтият 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп келесі туроператорлар іріктеп алған:

  • «Атлас Туризм» ЖШС
  • «Нұрхан Тревел» ЖШС
  • «Тауаф Тревел» ЖШС.
  • «Хикмет Тревел» ЖШС
«Сонымен қатар, аталған ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлар заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар», - деп хабарлайды Мүфтият.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда «қажылыққа апарамын» деп Астанада 37 адамнан 60 млн теңге жинап алған алаяқ сотталған болатын.

Бұдан басқа, біздің редакция анықтағандайц, Тараздың имамы ерлі-зайыпты қарияларды қажылыққа апарамын деп, 3000 доллар алып алған. Бірақ, қажылыққа бара алмай қалған қариялар төрт ай бойы имамнан ақшасын ала алмай, редакциямыздың бірнеше материалынан кейін іске мүфтият араласып, қариялардың ақшасын қайтарып берген еді.