Мемлекет дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді – Тоқаев

0
128

​Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары туралы айтты.


Мемлекет дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді – Тоқаев

ERNUR.KZ. Мемлекет дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді, деді Мемлекет басшысы.

«Жалпы, мемлекет дәрігерлерді құқықтық тұрғыдан қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді.

Соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі жеті есе ұлғайды.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді.

Осындай шаралардың арқасында медицина саласындағы кадрлық ахуал да тұрақтала түсті.

Сондай-ақ шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Оларға бір реттік көтерме төлемдер берілуде. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.