Юрий Петрович Аравин 85 жасқа қараған шағында дүние салғаны мәлім болды.
Сурет: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/otan-ord...
"Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті", делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, бүгін қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, "Парасат" және "Отан" ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор Юрий Петрович Аравин 85 жасқа қараған шағында дүние салғаны мәлім болды.
Ол қазақтың халық музыкасын насихаттауға үлес қосқан танымал тұлғалардың бірі еді. Сондай-ақ музыка саласының ғалымы фольклорлық мұраларды жинақтау мақсатында көптеген ғылыми-шығармашылық экспедицияларға бастамашы болды. Көптеген ежелгі музыкалық туындыларды жаңғыртып, ғылыми жүйеге түсірді. "Музей звуков", "Малая антология казахской музыки" атты телебағдарламалардың, "Тотем" радиосындағы "Степное созвездие" атты бағдарламаның авторы болды.