Мемлекет басшысы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне үндеу жасады

0
91


Мемлекет басшысы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне үндеу жасады

Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Бүгін әлемдік қауымдастық Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін атап өтуде, деп жазады baq.kz.

29 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай Қазақстан халқына үндеу жасады.

Президенттің айтуынша, бүгін әлемдік қауымдастық Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін атап өтуде.

“ Құрметті отандастар!
Бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасы­мен Бі­ріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бе­­кіт­­кен Ядро­лық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қи­мыл күнін атап өтіп жатыр.
Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі бол­­ға­нына қарамастан, Семей ядролық полигоны жа­был­ды. Он­даған жыл бойы жасалған жарылыстар аза­маттарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын ти­гізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл ядро­лық сынақтардың салдары күллі адамзат баласы үшін аса ауыр болғанын ұғындыратын, сон­дай-ақ әлем жұртшылығын мұндай алапат апатқа жол бермеуге шақыратын айрықша маңызды күн саналады.
Қазақстан дүние жүзінде қуаты жағынан төртінші орын­дағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Еліміз бей­бітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдап, тари­хи шешім қабылдады. Соның арқа­сын­да халқымыздың ұзақ жылдар бойы аңсаған арман-тілегі орындалды. Бұл қадам мем­лекетіміздің өскелең ұрпақ алдындағы терең жауап­кер­шілігін паш еткені сөзсіз.
Жаңа Конституция преамбуласында еліміздің бей­біт­ші­лікке ұмтылып, барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас ор­нататыны айқын жазылды. Осы ұстаным сыртқы сая­са­тымыздың мызғымас қағидаты болып қала береді. Халық­ара­лық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ре­тінде еліміздің ұстанымы өзгермейді: біз ядролық держава­лар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдаймыз, Ядролық сынақ­тарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт­тың күшіне енуін тездетуге және ядролық қаруды қолдануға қатыс­ты қауіп-қатерлерді жою үшін бірлесіп батыл қадамдар жасауға шақырамыз.
Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пай­далан­ған жөн деп санаймыз. Халқымыз жалпыұлттық референдум­да ядролық энергетиканы дамытудың стра­тегиялық бағыт-бағдарын бірауыздан қолдап, Қазақ­станның ондаған жылдарды қамтитын экономикалық жә­н­е ғылыми-техникалық өрлеуінің берік негізін қала­ды.
Осы стратегиялық таңдау ауқымды өзгерістерге жол ашып, мемлекетіміздің тұрақты өсіп-өркендеуіне ай­рық­ша сер­пін беретіні анық. Қазіргі таңда барлық салада жасалып жат­қан түбегейлі реформалардың мақ­саты – бір. Біз Әділет­ті, Озық және Таза Қазақстанды құрып жатырмыз.
Бәріміз бір ел болып, биік мақсатымызға жетеміз. Мен бұ­ған кәміл сенемін “, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы өз сөзін.