Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
72

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.


Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.