​Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды

0
64

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.


​Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады inform.kz.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

- Заңды қабылдау мақсаттары архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік архивтер қызметінің тиімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау саналады, - деді сенатор Руслан Рүстемов.
Оның айтуынша, Заңда келесі новеллалар қарастырылған:
- Ұлттық архив қоры мен тұжырымдамалық аппарат құрамын қазіргі кезеңнің, оның ішінде цифрландырудың шындықтарын ескере отырып кеңейту;
- ауылдық жерде жұмыс істейтін архив қызметкерлеріне қосымша ақы төлеудің заңдылығы;
- архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру арқылы архив саласының имиджін арттыру;
- өскелең ұрпақты дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттаудан қорғау.
Осылайша, Заңда 13 заңнамалық актіге оның ішінде Еңбек кодексіне, сондай-ақ «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Байланыс туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Кинематография туралы», «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» және «Масс-медиа туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
- Бұл заң архив ісі мен құжаттаманы басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңғыртуға, оны нақты нәтижеге бағдарлауға – құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады. Бұдан басқа, өскелең ұрпақты қоғамымызға тән емес дәстүрлерді насихаттаудан қорғауды, Неке және отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуді, балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етеді, - деді сенатор.
Оның айтуынша, ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салу туралы петицияның шешімін орындау мақсатында дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттерді, ойын-сауық және басқа да іс-шараларды пайдалануға тыйым салу бөлігінде толықтырулар енгізілді.