Маркетплейстен келетін тауарлар кедендік рәсімдеуден өтеді

0
128

Мұндай жаңашылдық шілдеден бастап күшіне енеді.


Маркетплейстен келетін тауарлар кедендік рәсімдеуден өтеді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

ERNUR.KZ. Енді шетелдік маркетплейстерден сатып алынған тауарлардың құны 200 еуродан асса, қосымша кедендік баж бен қосылған құн салығын төлеу міндеттеледі. Бағасы белгіленген сомадан аспаса, артық төлемдердің қажеті жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асқан кезде ғана декларацияланады.

Бұған қоса, енді әр тауарды декларациялау қажет. Бұл процесс электронды түрде жүзеге асады. Мәселен, маркетплейс операторынан "Қазпоштаға" сатып алушы туралы барлық ақпарат түсуі керек. Яғни тауардың атауы, саны, салмағы және бағасы секілді заттар жазылуы тиіс.

"2025-2026 жылдары онлайн сауданың өсу қарқыны сақталып отыр. Бұған мобильді қосымшалардың дамуы, жеткізу қызметтерінің көбеюі және маркетплейстердің ауқымын кеңейтуі әсер етуде. Өткен жылмен салыстырғанда интернет арқылы тапсырыс беру жиілеп, сатып алынатын тауар түрлері де көбейген", – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі департаментінің басқарма басшысы Әсел Исабекова.