ERNUR.KZ. 6 қыркүйекте Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері табиғи өртті сөндіруде. Өртті сөндіру жұмыстары кісі аяғы жетуі қиын жерде жүргізілуде, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіру жұмыстарына орман күзетінің күші мен ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды.
"Өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника бірлігі, "Қазавиалесоохрана" қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды. Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай өртті сөндіруге тартылған қызметтердің бақылауында", делінген хабарламада.


