Маңғыстауда 200-ден астам ер адамға әйелдерге арналған ота "жасалған"

0
55

Екі медициналық орталық ер адамдарды емдеу кезінде жалған кодтар қолданып, медициналық қызмет құнын негізсіз көтерген


Маңғыстауда 200-ден астам ер адамға әйелдерге арналған ота

фото:Sputnik / Александр Кряжев

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 221 млн теңге жымқырылды, деп жазады sputnik.kz.

"ИБН СИНА" және "SOFIE MED GROUP" медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарды жалған жолмен "емдеген".
"Варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның қызмет кодын көрсеткен. Бұл ота "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" деп аталады", - дейді агенттік.
Салдарынан 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған.
19 науқас бұл клиникаларға жүгінгенін мүлде растаған жоқ. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асты. Тергеу жүріп жатыр.