Маңғыстау тұрғыны пойызда шетелдік туристке қырындап, мазалағаны үшін жазаланды

0
105

Ол туристке орынсыз әзілдеп, балағат сөздер айтқан.


Маңғыстау тұрғыны пойызда шетелдік туристке қырындап, мазалағаны үшін жазаланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

ERNUR.KZ. Ақтау – Шымкент бағытындағы пойызда шетелдік туристке жөнсіз тиіскен Маңғыстау облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 8 шілде күні Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Іске шетелдік саяхатшының әлеуметтік желіде жариялаған видеосы негіз болды. Ол 40 сағатқа созылған сапары туралы әсерімен бөліскен.

Туристің айтуынша, жолсерігі бірнеше рет орынсыз әзілдеп, рұқсатынсыз ұялы телефонға түсірген. Сондай-ақ туристің сөзінше, әлгі азамат оны жергілікті тілде балағаттаған.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін көліктегі полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, жиналған материалдарды сотқа жолдаған. Сот оны кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.