Маңғыстау облысында "Qazaqstan Barysy" жеңімпазына көлік кілті табысталды

0
95

Маңғыстаудан шыққан тұңғыш Қазақстан Барысын қарсы алуға келген халықтың қарасы көп болды.


Маңғыстау облысында

фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

ERNUR.KZ. "Qazaqstan Barysy – 2026" турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлына Ақтауға келген бойда көліктің кілті табысталды, деп жазады sputnik.kz.
Маңғыстаудан шыққан тұңғыш Қазақстан Барысын қарсы алуға келген халықтың қарасы көп болды.

Жеңімпазды қарсы алуға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай да келді.

"Бүгін Маңғыстау өз батыры Жантілекті қарсы алып отыр. Ол жеңісімен өңіріміздің абыройын асқақтатып, Маңғыстау спортының тарихына жаңа бетбұрыс әкелді. Бұл тарихи жеңістің Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмай, Президент тарапынан жоғары бағалануы – спортшымыздың шеберлігі мен қайсар мінезіне, сондай-ақ ұлттық спорттың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына берілген зор баға. Бұл жеңістің артында орасан еңбек, күнделікті жаттығу мен мықты рух тұр"– деді Қилыбай.

Әуежайға чемпионға автокөліктің кілті табысталды. Спортшының жеке бапкері Қайрат Иманғазиев те темір тұлпаға мініп кетті.