“Мама, 60 секундым қалды“. Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала табылды

0
111

Бейбарыс Рыс 1 сәуірде түстен кейін Абай қаласына серуендеуге шыққан.


“Мама, 60 секундым қалды“. Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала табылды

Отбасылық мұрағаттан алын сурет

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында далада адасып кеткен 13 жастағы мектеп оқушысы табылды. Оны іздестіруге құтқарушылар, полицейлер және еріктілер жұмылдырылған, деп жазады tengrinews.kz.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, Бейбарыс Рыс 1 сәуірде түстен кейін Абай қаласына серуендеуге шыққан. Ол құрдастарымен болған, ал олардың кейбіреулері велосипед теуіп жүрген. Балалар Қарабас ауылына қарай бет алады. Алайда сол күні кешке бала жалғыз жаяу қайтпақ болған.

Жолда Бейбарыс анасына дауыстық хабарламалар жіберіп, телефонының өшуіне 60 секунд қалғанын айтқан. Ол көмек сұрап, соңғы хабарламасында өлгісі келмейтінін айтып, анасына оны жақсы көретінін жеткізген.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі арыз 2 сәуірде Абай ауданының полиция басқармасының кезекші бөліміне түскенін жеткізді.

Қазіргі уақытта оқушының өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Жоғалған Бейбарысты кім және қайдан тапқаны әзірге белгісіз. Өңірлік полиция барлық мән-жайды кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.