Ведомствоның мәліметінше, енді “дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты дұрыс деп көрсету” ЛГБТ-ны насхаттау деп қарастырылады.
“Дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттау – дәстүрлі емес жыныстық көзқарас және оған бейімділікті көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер немесе онлайн платформалар арқылы тарату. Сондай-ақ белгісіз аудиторияға мақсатты түрде бұрмалау арқылы, қоғамда оң көзқарас қалыптастыру”, – деп түсіндірді еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, енді “дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты дұрыс деп көрсету” ЛГБТ-ны насхаттау деп қарастырылады. Алайда егер контентте тек мысалдар, статистика және сол сияқты ақпарат болса, онда оны таратқан адам жауапқа тартылмайды.
Сонымен қатар көптүсті элементтерді қолдануға болады, бірақ олар идеологиялық мәні болмауы тиіс.
“Тыйымның кемпірқосақ символикасын қолдануға қатысы жоқ. Әңгіме белгілі бір идеологияны насихаттау үшін қолданылатын нақты символика мен атрибутикада. Киімде, аксессуарларда көптүсті элементтерді идеологиялық контекстсіз пайдалану бұзушылық болып саналмайды”, – делінген хабарламада.
Білім беру және ғылыми материалдарға қатысты министрлік түсініктеме берді. Әдебиетте ешқандай насихат болмауы керек, әйтпесе “мұндай контентті” ғылыми немесе білім беру саласына жатқызу жатқызуға тура келеді.
“Әрине, ғылыми және білім беру контентінде дәстүрлі емес жыныстық көзқарасқа қатысты мысалдар, фактілер, сандар, статистика және сол сияқты ақпарат келтірілуі мүмкін. Оған тыйым салынбайды. Бірақ тікелей немесе жанама насихат болмау керек”, – деп нақтылады министрлік.
Фильмдерге келер болсақ, Қазақстанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасқа немесе порнография көріністері бар фильмдерді көрсетуге тыйым салынады. Егер мұндай туындылар насихат деп танылса, олардың иелеріне прокатқа шығару лицензиялары берілмейді.
ЛГБТ-ны насихат үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай контентті таратқандарға да жаза қолданылуы мүмкін
“Репост жасау таратумен теңестіріледі, сондықтан құқыққа қарсы контентті репост жасағандар да жауапқа тартылады”, – делінген хабарламада.
Бұзушылықтар азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша анықталады. Содан кейін материалдарды құқық қорғау органдары қарастырады.
Әрбір жағдай бойынша соңғы шешімді сот шығарады.


