Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Күдіктілердің ата-аналарына қылмыстық іс қозғалды

0
602

Олар зардап шеккен тарап алты ай бойы құқық қорғау органдарына хабарласпағанын айтты.


Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Күдіктілердің ата-аналарына қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының полицейлері сыныптастары қызды құлдықта ұстады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Stan.kz.




Облыстық ПД әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатқанын айтады.

"Қызылордалық мектептің ұйымдасқан қылмыстық тобы сыныптасын сексуалдық құлдықта ұстады" деген тақырыптағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы фактіге байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, кәмелетке толмаған күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу соты күдіктілерге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды”, – деп хабарлады полиция.

Олар зардап шеккен тарап алты ай бойы құқық қорғау органдарына хабарласпағанын айтты. Қазір бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

"Күдіктілердің ата-аналары дұрыс тәрбие беру міндетін атқармағаны үшін Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.

Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда күдіктілерді анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.