Қыз зорламақ болған маньякты ұстап алғандар оны видеоға түсіріп, желіге жариялаған

0
1 091

Бұл оқиғаның Алматыда болғаны да айтылады. Алайда, қалалық ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Қыз зорламақ болған маньякты ұстап алғандар оны видеоға түсіріп, желіге жариялаған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде бір қызға шабуыл жасаған деген күдікпен ұсталған ер адамның видеосы тарауда, деп жазады zakon.kz.

"Бүгін, 2020 жылдың 13 қаңтарында маньяк бір қызды бір ұрып құлатып, зорламақ болды, жанында балғасы бар! Ол қызды 200/300 метр бойы ізіне түсіп, артынан жүріп отырып, бір уақытта кенеттен шабуылдаған, қайта біз көмекке келіп үлгердік", - дейді видеоның арғы жағында сөйлеген адам (емле мен тыныс белгілері сақталған).

Бұл оқиғаның Алматыда болғаны да айтылады. Алайда, қалалық ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мұндай ақпарат шұғыл байланыс желісіне де, аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі де түскен жоқ. Бұл жалған немесе Алматыда орын алмаған оқиға болуы мүмкін, деп түсіндірді Алматы полициясындағылар.