Қытайдағы жойқын сел: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

0
87


Қытайдағы жойқын сел: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

ERNUR.KZ. Сицзандағы жойқын сел адам өмірін қиды. Қазақстан Президенті қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жоғалған жандарға қатысты тілегін білдірді, деп жазады baq.kz.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады “, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.