Құрылыс материалдарының бағасы шарықтай түсті

0
113

Қиыршық тас, құм және саздың бағасы 3,6%, ал бетон бұйымдарының бағасы 3,5% көтерілді.


Құрылыс материалдарының бағасы шарықтай түсті

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. 2026 жылдың маусым айында Қазақстанның құрылыс саласында баға өсімі жалғасты, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаздың алғашқы айында құрылыстағы баға индексі мамырмен салыстырғанда 101,2%-ды құрады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы 1,3% өсті. Орта мерзімді кезеңде өсім одан жоғары: 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда құрылыстағы бағалар 8,1%, ал 2025 жылдың маусымымен салыстырғанда 9,2% артып отыр.

Бір ай ішінде құрылыс материалдарының ішінде ең жоғары өсім мұнай өңдеу өнімдерінде (6,4%) тіркелді.

Қиыршық тас, құм және саздың бағасы 3,6%, ал бетон бұйымдарының бағасы 3,5% көтерілді.