Құрылтайдың әр депутатына белгілі бір өңір бекітіледі

0
148

Ол Құрылтай депутаттарының өңірлерге сапары жария түрде жүргізілетінін айтты.


Құрылтайдың әр депутатына белгілі бір өңір бекітіледі

Фото: Kazinform/ЖИ

ERNUR.KZ. Құрылтайдың әр депутатына белгілі бір өңір бекітіледі. Бұл туралы Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте депутат Константин Петров мәлім етті, деп жазады inform.kz.

— Құрылтай Регламентінің 8-бабында сессия ішінде өңірлерге кемінде 2 сапар болуы керектігі жазылған. Демек, қыркүйектің басынан маусым айына дейін әр депутат кемінде 1 рет өңірлерге сапар жасайды, — деді ол.

Оның мәліметінше, жоғары заң шығарушы органға өткен партиялар депутаттарын өңірлерге бөледі. Бұл жайында ақпарат халыққа жеткізіледі.

— Тұрғындар қай депутаттың қай өңірге бекітілгенінен хабардар болады, — деді Константин Петров.

Ол Құрылтай депутаттарының өңірлерге сапары жария түрде жүргізілетінін айтты.

— Әрине, кездесулер түрлі форматта болады. Жеке қабылдаулар да, еңбек ұжымдарымен кездесулер де ұйымдастырылады. Ешқандай шектеу жоқ, — деді Құрылтай депутаты.