​Құлдыққа тап болды: жыл басынан Мьянма мен Лаостан 12 отандасымыз шығарылды

0
113

Негізінен, азаматтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жоғары жалақы уәде етілген жұмыс ұсыныстарына сеніп, көбінесе Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияның кейбір еліне баратыны мәлім.


​Құлдыққа тап болды: жыл басынан Мьянма мен Лаостан 12 отандасымыз шығарылды

Коллаж: Kazinform/Pixabay/Eleos.com.ua

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі құлдыққа тап болғандарды құтқару іс-шараларына қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше басымдық береді және бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізеді. Шетелде еңбек құлдығында жүрген азаматтардың саны белгісіз, дегенмен осындай жағдайға тап болған қазақстандықтар анықталған жағдайда, оларға қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі, - деп аталып өткен министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Негізінен, азаматтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жоғары жалақы уәде етілген жұмыс ұсыныстарына сеніп, көбінесе Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияның кейбір еліне баратыны мәлім.
- Жалпы, ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын азаматтарға тек ресми арналар арқылы жұмысқа орналасуды, делдалдардың лицензияларын мұқият тексеруді, еңбек шарты мен жұмыс визасын алдын ала рәсімдеуді және шетел мемлекеттегі Қазақстан елшілігінің байланыс деректерін өзімен бірге алып жүруге кеңес береді. Қауіпсіздік шараларын сақтау – азаматтардың өз өмірі мен құқықтарын қорғаудың кепілі болатынын атап өткен жөн, - делінген министрлік ақпаратында.
Ведомство мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Таиландтағы ҚР Елшілігі атқарған шаралар нәтижесінде, Мьянма мен Лаос аумағынан жұмыс берушілер тарапынан алаяқтыққа тап болған 12 отандасымыз шығарылды. Жалпы, кейінгі жылдары 50-ге жуық Қазақстан азаматы осы елдерден аман-есен елге қайтарылды.
Бұған дейін құлдыққа тап болғандарға мемлекет қандай көмек беретіні жайында жазған едік.