Күйеуінің телефонын тексерген: Жуалыда отбасылық жанжал сотқа жетті

0
303

​Әйелінің қызығушылығы отбасылық кикілжіңге ұласты.


Күйеуінің телефонын тексерген: Жуалыда отбасылық жанжал сотқа жетті

ERNUR.KZ. Жуалы ауданында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал сотқа жетті. Әйел күйеуінің телефонындағы белгісіз әйелмен хат алмасуын тексеріп, отбасылық кикілжің туған, деп жазады baq.kz.

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, келіншек күйеуі оны ұрғаны туралы хабарламамен таңертең учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалған.

Полиция қызметкері келгеннен кейін жәбірленуші белгісіз себептермен жазбаша түрде медициналық тексеруден өтуден және күйеуіне қатысты заңды шараларды қолданудан бас тартқан.

Өзінің түсініктемесінде жәбірленуші С. таңертең, қызығушылықпен күйеуінің телефонында белгісіз әйелмен хат алмасуын тексеріп, содан кейін бұл факт бойынша отбасылық келіспеушілік орын алып, бұл балағат сөздер мен қол сұғушылыққа алып келген. Сотта құқық бұзушы жасаған ісіне шын жүректен өкініш білдіріп, кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұрады және соттан тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші күйеуімен татуласу фактісін растады. ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігінің ескерту жасау не 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуды көздейді. Сот қаулысымен медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.