ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігін еске салды

0
116

Жылу беру маусымында өрт шығу қаупін азайту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі профилактикалық шараларды алдын ала бастады.


ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігін еске салды

ERNUR.KZ. 15 тамыздан бастап елімізде Республикалық өрт қауіпсіздігі профилактикалық акциясы өтуде. Акция шеңберінде үйлерді аралау, нұсқама беру халыққа атаулы көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені өткізілуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, азаматтарға жылу мен электр құралдарын пайдалану түсіндіріледі.

«Жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұратын 96 мыңнан астам тұрғын үй есепте тұр, бұл тізім үйлерді аралау барысында түзетіліп отырады. Жылу және электр жүйелерін жарамды күйде ұстау, түтін мұржаларын тазарту және басқа да профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қазір әлеуметтік осал топтағы 36 мыңнан астам үйге профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Әкімдіктер мен еріктілердің көмегі арқылы 6,5 мың үй өртке қарсы жағдайға келтірілді», – деді спикер.

Елде газ және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясы датчиктерін орнату тәжірибесі жалғасуда. Әкімдіктер мен еріктілердің көмегімен ағымдағы профилактикалық акция басталғаннан бері 1700 астам датчик орнатылды. Өткен жылыту маусымы барысында тұрғын үйлерде 51 мыңнан астам датчиктер орнатылды. Осы тәжірибені енгізгеннен бері 67 жағдай тіркелді, соның арқасында 288 адам улану мен өлімнен аман қалды.

Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша ТЖМ-ның жергілікті атқарушы органдармен бірлескен профилактикалық жұмысы арқасында тұрғын үй секторында өрт, сондай-ақ қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны азайды. Сондай-ақ өрт туындамай пешпен жылыту кезінде газдан уланудан қаза болу және жарақат алу жағдайлары төмендегені байқалады. Министрлік мамандары профилактикалық жұмысты маусым бойы жалғастыруда және барлық азаматты жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.