Ақмола облысында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып кетті.
Фото: BAQ.KZ
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 10 тамыз күні Қоянды ауылындағы су қоймасының орталық жағажайында болды. Балалардың өлім дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады BAQ.KZ.
Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша су қоймасының орталық жағажайында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып кеткен.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді өңірлік ведомстводан.
Тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.


