Жасөспірім күйіп қалыпты.
Фото: ҚТЖ
ERNUR.KZ. Қостанай облысында пойыз вагонында селфи жасамақ болған жасөспірім ауыр жарақаттар алды, деп жазады Stan.kz.
Жасөспірім күйіп қалыпты.
25 маусым шамамен сағат 21:00-де Қостанай станциясының Оңтүстік теміржол паркінде кәмелетке толмаған бала фотоға түсу үшін сымның астындағы пойыз вагонына шығып кеткен.
“Электр тогының салдарынан бала ауыр дене жарақаттарын алған, оның ішінде денесінің 60%-ы үшінші дәрежелі күйік шогын алды. Мұрны мен тілінде көгерген жаралар болған", – деп хабарлайды Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері соты.
Сот қамқоршысын кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сот отырысында қамқоршы өз кінәсін толық мойындады. Ол анасы қайтыс болғаннан бері жиенінің қамқоршысы болып келгенін түсіндірді.
Сот шешімімен Б әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 43 250 теңге айыппұл салынды.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


