Көлік жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Көрнекі сурет: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қостанайда теміржол өткелінде жол апаты болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Полиция мәліметінше, 55 жастағы Volkswagen жүргізушісі тепловоз келе жатқан жолға шығып кеткен. Ер адам семафордың тыйым салынған белгісін елемей, соқтығыс болды. Көлік жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысында 18 қыркүйекке қараған түні қараусыз теміржол өткелінде пойыз автокөлікті қағып кеткен болатын.