17 жастағы бозбаланы іздеу жұмыстары 19 наурызда басталған.
Sputnik / Болат Шайхинов
ERNUR.KZ. Қостанайда бір аптадан бері іздестіріліп жатқан бозбаланың денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.
Кәмелет жасына толмаған баланың хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетіне жақын орналасқан қамыс алқабынан оның денесін тапты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады.


