Қостанай облысында көкпар кезінде ат шабандоздың үстіне құлап түсті

0
113

Оқыс оқиғадан кейін зардап шеккен спортшыға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген.


Қостанай облысында көкпар кезінде ат шабандоздың үстіне құлап түсті

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Қостанай ауданына қарасты Заречное ауылында дәстүрлі көкпар жарысы кезінде оқыс оқиға орын алды, деп жазады inbusiness.kz.

Қостанай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жарыстарда медициналық қамтамасыз ету толық көлемде ұйымдастырылған – барлық спорт алаңында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік атқарған. Оқыс оқиғадан кейін зардап шеккен спортшыға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшының аяғы шығып кеткен. Жағдайы қанағаттанарлық, ол дәрігерлердің бақылауында және өздігінен жүріп-тұра алады. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Ұйымдастырушылар жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтып, спортшыға тез сауығып кетуін тіледі.