Қостанай облысында әйелі мен енесін аяусыз өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

0
134

Сот отырысында ер адам кінәсін жартылай мойындаған.


Қостанай облысында әйелі мен енесін аяусыз өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысында ер адам ерекше қатыгездікпен жасаған екі бірдей кісі өлімі үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады zakon.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, қанды оқиға 2025 жылдың шілде айында Қарабалық ауылында болған.

"Айыпталушы өз үйінде әйелі мен енесіне жанжал кезінде бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Екі әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", – делінген соттың хабарламасында.

Сот отырысында ер адам кінәсін жартылай мойындаған.

Нәтижесінде сот оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда жазасын өтеумен 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың моральдық зиянды өтеу жөніндегі азаматтық талабы толықтай қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Белгілі болғандай, марқұм әйел 39 жаста болған, ал оның анасы – 74 жаста. Оқиғадан кейін өңірде маньяк туралы қауесеттер тараған, бірақ бұл ақпаратты полиция дереу жоққа шығарды.

Айта кетсек, 2025 жылдың қыркүйегінде облыстың Аманқарағай ауылында да осындай қос кісі өлімі тіркелген еді.