Қостанай облысында бірнеше елді мекенде өрт шықты

0
87

Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші, 25 техника және ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.


Қостанай облысында бірнеше елді мекенде өрт шықты

фото: Пресс-служба МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарабалық ауданында табиғи өрт болды, деп жазады sputnik.kz.
Үрнек ауылы маңында құрғақ дала өсімдіктері мен қайың шоқтары өртеніп, оттың бір бөлігі Қарадум орманшылығының аумағына тараған. Өрт шамамен 850 гектар аумақты шарпыды.

8 қыркүйекте Денисов ауданындағы ауылдарда аптап ыстық пен құрғақ желдің салдарынан үйлер мен шаруашылық құрылыстары өртенген, Мал қырылған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Наша газета".

Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші, 25 техника және ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.
Барлық тартылған күштер мен құралдардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді, дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.