​Қостанай облысына қар түсті

0
144

Бұған дейін синоптиктер ел аумағының басым бөлігі солтүстік циклонның ықпалында болатынын ескерткен.


​Қостанай облысына қар түсті

Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

ERNUR.KZ. Облыс тұрғындары әлеуметтік желілерде алғашқы қардың кадрларын жариялады, деп жазады inform.kz.

Қостанай мен Рудный қалаларында қар жауды. Бұған дейін облыста түнде ауа температурасы -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3...+8 градус жылы болатыны, жауын-шашын (жаңбырдың қарға айналуы) күтілетіні болжанған еді.

Бұған дейін синоптиктер ел аумағының басым бөлігі солтүстік циклонның ықпалында болатынын ескерткен. Жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстікте қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.