Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып қайтыс болды. Бұл жайт бойынша полиция сараптама тағайындады, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 3 тамызда Есіл өзенінде болған. Бала денесін судан туыстары алып шыққан. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
"Қосшы қалалық полиция бөлімі бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Сараптама тағайындалды", – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Ведомство ата-аналарға балаларды қадағалаудың маңыздылығын ескертті – бірнеше секундтық бейқамдықтың өзі орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе маңындағы Ілек өзенінде 14 жастағы жасөспірім де суға батып кеткен еді.