Қонаев маңында болған жойқын жер сілкінісі: ТЖД маңызды мәлімет таратты

0
77

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қонаев қаласынан 8 км қашықтықта эпицентрі бар, магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат тараған болатын.


Қонаев маңында болған жойқын жер сілкінісі: ТЖД маңызды мәлімет таратты

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 2026 жылғы 16 қаңтарда Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі болды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қонаев қаласынан 8 км қашықтықта эпицентрі бар, магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес Алматы облысы аумағында және Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі тіркелмегенін хабарлайды. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ, сонымен қатар, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелмеді. Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз",- делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар, министрлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуларыңызды сұрады.