Қыздың айтуынша, бұл жағдай Тимирязев көшесінде дәріханаға бара жатқан жолда болған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде өзін қару ұстаған ер адам қуғанын айтып, жазба жариялады. Полиция күдіктіні ұстады, деп жазады stan.kz.
Қыздың айтуынша, бұл жағдай Тимирязев көшесінде дәріханаға бара жатқан жолда болған.
“Ер адам мені мазалап, соңымнан ере бастады. Аброй болғанда, алдымнан шыққан бірінші жүкенге кіріп кеттім. Ол қаруын шығарып, мені күтіп тұрды. Тұла бойыи дірілдепр кетті”, – дейді жәбірленуші.
Ол өз сөзін дәлелдеу үшін күдіктіні видеоға түсіріп алған. Видеодан ер адамның қолында қаруға ұқсас зат болғанын көруге болады.
Алматы полициясы бұл факті бойынша 102-ге қоңырау түскенін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, күдіктінің қолында ойыншық қару болған.
“Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Күдікті ұсталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оның тұрақты мекенжайы жоқ, алкогольдік мас күйінде болған. Қолында қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін ойыншық тапанша болған”, – делінген хабарламада.


