​Көктөбеде референдумға дейінгі уақытты көрсететін жарық инсталляциясы орнатылды

0
96

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.


​Көктөбеде референдумға дейінгі уақытты көрсететін жарық инсталляциясы орнатылды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Алматыдағы Көктөбе телемұнарасында жаңа жарық инсталляциясы пайда болды, деп жазады inform.kz.
Телемұнарада орнатылған арнайы таймерде маңызды оқиғаға дейін қанша уақыт қалғаны көрсетіліп тұрады.

Кешкі және түнгі уақытта мұнарада жарқын тақырыптық жарық шамдары қосылады: мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер, референдум өтетін күн – 15 наурыз, сондай-ақ қалған күндер саны бейнеленген.

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Оған дейін 24 күн қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға кері санақ басталғанын хабарлағанбыз.