"Қоғамдық орында шалбарын шешкен": Астанада 68 жастағы ер адам жауапқа тартылды

0
127

Келеңсіз жайт елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде тіркелген.


Фото: polisia.kz/Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Онда ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешіп жіберген, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтаған.

– Оның Өскемен қаласының тұрғыны, 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев екені белгілі болды. Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Аталған ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс материалдары сотқа жолданды, – деп жазды Polisia.kz сайты.

Полиция қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын әдейі елемеуге және айналасындағыларға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін, мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтыратынын ескертеді.