Халық Кеңесі қашан жасақталатыны белгілі болды

0
70

​Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган.


Халық Кеңесі қашан жасақталатыны белгілі болды

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі қашан жасақталатынын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», – деді президент.