Қазақстанның шығысында бірнеше асфальт-бетон зауыты жұмысын тоқтатты

0
97

Учаскелерде құрылыс шаңының шекті рұқсат етілген шығарындылары 40 еседен асып кеткені түсіндіріледі.


Қазақстанның шығысында бірнеше асфальт-бетон зауыты жұмысын тоқтатты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген кәсіпорындар анықталды. Атап айтқанда, Өскемен қаласындағы, сондай-ақ Самар және Катонқарағай аудандарындағы асфальт-бетон зауыттарының экологиялық рұқсаттары болмаған, деп жазады tengrinews.kz.

Учаскелерде құрылыс шаңының шекті рұқсат етілген шығарындылары 40 еседен асып кеткені түсіндіріледі. Бұл деректі табиғатты қорғау прокуратурасы мен экология департаментінің инспекторлары тіркеді.

"Бір асфальт-бетон зауытында өлшеу жұмыстары кезінде шаң шығарындыларының белгіленген нормативтен 41 есе, екіншісінде 1,7 есе асып кеткені анықталды. Бұл факт шаң ұстау жабдықтарының дұрыс жұмыс істемейтінін және тазартудың жеткіліксіздігін көрсетеді", - деді ШҚО экология департаментінің бөлім басшысы Фархат Кнәсілов.

Кәсіпорындардың қызметі шұғыл түрде тоқтатылды. Компанияларға үш ай ішінде шаң ұстағыш сүзгілерді орнату міндеттелді. Кейін олардың пайдаланылуы да тексерілетін болады.

Бұдан бөлек, жол ұйымдарының өкілдері 36 миллион теңге көлемінде экологиялық айыппұл төлейді.