Қазақстанның орталығында екі адамды өлтіріп кетті

0
92

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазақстанның орталығында екі адамды өлтіріп кетті

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы саяжай қоғамдарының бірінде екі адам өлтірілді, деп жазады zakon.kz.

2026 жылғы 7 қыркүйекте әлеуметтік желілерде оқиғаның "Оптимист" саяжай қоғамының аумағында болғаны туралы ақпарат тарады. Қаза тапқандар – саяжай қоғамының төрағасы мен қоғам белсендісі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"6 қыркүйекте Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінен оқ жарақатының белгілері бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылды. Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады", – деп хабарлады полиция.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.