Жалпы, пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды.
ERNUR.KZ. Өңірлерде қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жоба іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
«2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында пилоттық жоба іске қосылады», – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында.
Жалпы, пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Жоба 2029 жылға дейін барлық 2 600 шағын жинақты мектепке кеңейтіледі.


