​Қазақстандықтардың табысы жаңа әдіспен айқындалады

0
116

Жаңа қағиданы Қаржы министрі Мәди Такиев бекітті, ол күшіне 2026 жылғы 1 қаңтарда енеді.


​Қазақстандықтардың табысы жаңа әдіспен айқындалады

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Келер жылдан бастап салық органдары қазақстандықтардың табысын жанама әдіспен тексереді, деп жазады inform.kz.

Жаңа қағиданы Қаржы министрі Мәди Такиев бекітті, ол күшіне 2026 жылғы 1 қаңтарда енеді.

Құжатта айтылғандай, жанама әдісті қолдану азаматтар салық органдарына кірісі мен шығысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаннан кейін салыстыру кезінде туындауы мүмкін. Нақты айтқанда, егер адамның шығысы ресми көрсетілген табысынан асып кетсе, салық қызметі нақты табысын шығындар, жылжымайтын мүлік, автокөліктер және басқа да активтердің құны негізінде анықтай алады.
Кіріс пен шығысты талдау
Салық органдары азаматтардың табысын бағалау кезінде деректерді талдайды. Оның ішінде банк шоттағы қаражат қозғалысын, мүлікке, білімге, медицинаға, сақтандыруға, бағалы қағаздарға жұмсалған шығындарды, шетелдегі табыстары мен мүлік туралы ақпаратты тексереді. Одан бөлек салық есебі және тексеру нәтижесін, мемлекеттік органдар мен шетелдік уәкілетті құрылымдардан алынған мәліметтерді салыстырып, талдау жүргізеді.
Осылайша, 2026 жылдан жеке тұлғалардың декларацияда көрсеткен табысы тіркелген мүлікке жұмсалған шығысынан аз болса, жанама әдіспен тексеру жүргізуге жатады. Сонымен қатар егер азамат есеп жүргізу ережелерін бұзса немесе құжаттарын жоғалтса, егер жеке тұлға іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналысып, бірақ ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса да Кірістер комитетінің назарына ілігеді.
— Егер жеке тұлғаның салық есебінде көрсеткен кірістері оның жұмсаған шығыстарымен сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары, жеке тұлғаның өткен кезеңдегі кірістерін ескере отырып, соның шығындары негізінде кірісті және салықты айқындайды, — делінген құжатта.