Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда бекітілді

0
118

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда бекітілді

Фото: akorda.kz

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 наурызда "Қожа Ахмет Ясауи" ордені туралы" жарлыққа қол қойды, деп жазады zakon.kz.
"Мемлекеттік награда – "Қожа Ахмет Ясауи" ордені тағайындалсын", – делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне "Қожа Ахмет Ясауи" орденінің эскизін әзірлеу тапсырылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қожа Ахмет Ясауи" атты жаңа орден тағайындауды ұсынған болатын. Бұл бастама ұлы ойшылдың мұрасын зерттеуге және насихаттауға үлес қосқан азаматтардың ерекше еңбегін атап өтуге, сондай-ақ өңір мен елдің мәдени-рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған.