Фото: Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда арнайы заң қабылданғаннан кейін самокат мінушілерге айыппұл салынады, деп жазады tengrinews.kz.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, полицейлер электрсамокат жүргізушілерінің жылдамдықты асыруын тек жаңа нормалар қабылданғаннан кейін ғана тіркей алады.
"Бізде бұған қажетті барлық құралдар бар. Бірақ тіркеуге кіріспес бұрын тиісті заңдар қажет. Қазіргі таңда біз әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктердің қалай болатынын талдап, заң қабылдайық деп жатырмыз", – деді Сәденов.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда веложолақтардың ұзындығы небәрі 500 шақырымды құрайды, ал инфрақұрылымның жетіспеуі басты мәселе.Еске сала кетсек, 2022 жылдан бастап самокаттар ресми түрде көлік құралы ретінде танылған, ал олардың тротуардағы жылдамдығы 6 км/сағ деңгейінде шектелген.