Қазақстанда "Реттеуші интеллект орталығы" құрылады

0
112

Аталған орталық Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында жасанды интеллектіні қолдана отырып іске асырылады.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Қазақстанда реттеуді жаңартудың негізгі алаңына айналатын "Реттеуші интеллект орталығы" құрылады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Айтуынша, аталған орталық Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында жасанды интеллектіні қолдана отырып іске асырылады.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында жасанды интеллектіні қолдана отырып, реттеуді жаңартудың негізгі алаңына айналатын "Реттеуші интеллект орталығы" құрылады. Салықтық әкімшілендіру салық төлеушілердің мүддесін ескере отырып, жасанды интеллект пен басқа да озық технологиялар қолдану арқылы жүзеге асырылады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол даму институттары өз қызметін нақты салалық мамандануымен және инвестициялауға арналған мандатымен жүзеге асыратынына тоқталды.

Өнеркәсіптік негізді нығайту блогы бойынша сирек кездесетін және басқа да аса тапшы материалдарды өңдеуге арналған өнімдерді шығару бойынша бірқатар жобалар іске асырылады. Геологиялық деректерді цифрландыру жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта олардың 60%-ы цифрландырылған. Жұмысты толық аяқтау 2026 жылдың соңына қарай жоспарланған. Сонымен қатар геологиялық деректерді толық қамту үшін жасанды интеллектті қолдану арқылы Big Data ақпараттық жүйесін құру жұмыстары басталды, - деді Серік Жұманғарин.