Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынбақ

0
103

Мәжіліс депутаттары ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы түзету қабылдады.


Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынбақ

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ол Архив ісі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, деп жазады tengrinews.kz.

"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ, масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруа тыйым салу туралы нормалар қарастырылды", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін де Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды. Депутат Ринат Зайытов та ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды талап етті.