Қазақстанда көліктерге газ орнатуға тыйым салу ұсынылды

0
145

Қазақстанда бензинмен жүретін көлікті газға ауыстыруға бүгінде заңда шектеу жоқ, дегенмен қатаң талап бар.


Қазақстанда көліктерге газ орнатуға тыйым салу ұсынылды

Фото: auto.ru

ERNUR.KZ. Қазақстанда көліктерге газ орнатуға түбегейлі тыйым салу ұсынылды, деп жазады stan.kz.

Қазақстанда бензинмен жүретін көлікті газға ауыстыруға бүгінде заңда шектеу жоқ, дегенмен қатаң талап бар. Алайда энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдин газ орнатуға мүлдем тыйым салу керегін айтады. Оның пікірінше, газға ауысқан көліктер қауіпсіздік талаптарына сай емес, жарылып жатқандар да солар.

"Қазір елде ресми түрде газ қондырғысын қойдырған 700 мың көлік тіркелген. Ал ешбір рұқсатсыз көгілдір отынға ауысқан кемінде 100, тіпті 200 мың машина жүр. Себебі құжатсыз газ қондыру өте арзан. Бірақ оның қауіпсіздігіне кепілдік жоқ. Оның үстіне бүгін де онсыз да тапшылығы байқалатын газ шығынының артуына әкеліп жатыр”, – дейді сарапшы Олжас Байділдин.

Ал авто сарапшы Алексей Алексеев газ орнатуға тыйым салу мүмкін емес екенін айтады. Өйткені елімізде, әсіресе батыс өңірлерде жүргізушілендің жартысынан көбі сұйытылған газ тұтынады. Одан бөлек сарапшы газ орнатылған көлікті уақытылы тексеріп, талап сақтаса ешқандай ақау болмайтынынан сенімді.

"Газбен жүретін көліктердің жарылуы сирек жағдай. Бензин құятын машиналар да өртеніп жатыр. Мәселе отында емес. Түйткіл техникалық бақылау саласында. Мемлекет көліктің жағдайына тексеріс жасауды күшейту қажет. Тыйым салумен мәселе шешілмейді. Кеше рұқсат беріп, бүгін шектеуге болмайды”, – дейді сарапшы Алексей Алексеев.