Қазақстанда харассментке қарсы заң күзде парламентке енгізіледі

0
195

Мұны министр Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.


Қазақстанда харассментке қарсы заң күзде парламентке енгізіледі

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орнындағы харассмент пен жыныстық сипаттағы қысымға қатысты нормалар енгізілген заң жобасын әзірледі, деп жазады stan.kz.

Мұны министр Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.

“Бұл түзетулер Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленді. Заң жобасында, біріншіден, харассмент пен жыныстық сипаттағы қысым ұғымдары нақтыланды. Екіншіден, мұндай фактілер анықталған жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі қарастырылды”, – деді министр.

Оның айтуынша, қазір ұсынылған түзетулер бизнес қауымдастық өкілдерімен талқыланып жатыр. Құжатты биыл күзде парламент қарауына енгізу жоспарланған.

Біріккен ұлттар ұйымының 2022 жылы ұсынған дерегіне сәйкес, әлемдегі қызметкерлердің шамамен 23%-ы жұмыс орнында зорлық-зомбылыққа немесе жыныстық сипаттағы қысымға тап болады.

Алайда Біріккен ұлттар ұйымы бұл көрсеткіш нақты жағдайды толық көрсетпеуі мүмкін екенін айтты. Себебі зардап шеккендердің едәуір бөлігі болған оқиға туралы хабарлауға батылы жетпейді.