Қазақстанда халықтан ескі көліктерді сатып алмақ

0
160

Ведомствоаралық экология мәселелері жөніндегі кеңесте қала әкімі Дархан Сатыбалды экологиялық класы төмен ескі көліктерді сатып алып, кейін оларды кәдеге жаратумен айналысатын арнайы компания құру жоспарын әзірлеуді тапсырды.


Қазақстанда халықтан ескі көліктерді сатып алмақ

ERNUR.KZ.Алматы қаласында ескі автокөліктерді сатып алумен айналысатын компания құру жоспарланып отыр, деп жазады Stan.kz.

Ведомствоаралық экология мәселелері жөніндегі кеңесте қала әкімі Дархан Сатыбалды экологиялық класы төмен ескі көліктерді сатып алып, кейін оларды кәдеге жаратумен айналысатын арнайы компания құру жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Жоба Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы және Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылады.

"Автопаркті жаңарту тетіктерін іске асыратын еншілес ұйым құру көзделіп отыр. Жоба аясында экологиялық көліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген несиелеу, лизингтік бағдарламалар және Trade-In енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаға жергілікті автокөлік өндірушілерін тарту жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.

Әкімдікте бұл бастама автопаркті жаңартуды ынталандырып қана қоймай, ескірген көліктер санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде Алматыдағы атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейін төмендетуге ықпал етеді.