Қазақстанда электромобиль саны бір жылда 55%-ға артты

0
204

Елдегі барлық электромобильдің 62% Алматы қаласында тіркелген.


Қазақстанда электромобиль саны бір жылда 55%-ға артты

© AP Photo / Bilal Hussein

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы, деп жазады sputnik.kz.
"2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын", - деп жазылған хабарламада.
Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдің 62% тиесілі - 15 280 құрайды. Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді.
Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелді.