Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды

0
112

Қабылданған түзетулерді іске асыру шеңберінде қолданыстағы актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде және жаңа заңға тәуелді актілер әзірленуде.


Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 15 сәуірінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына түзетулерге қол қойды. Бұл түзетулер жайлы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Министрлікке спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби клубтарды күтіп ұстауға бағытталатын бюджет қаражатын пайдалануға лимиттер белгілеу жөніндегі өкілеттіктер беру; Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ спортшыларды бюджеттік қаржыландыруға тыйым салуды белгілеу; «спорттың басым түрлері» ұғымын нақтылау; аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмге қарсы алдын алу шараларын қабылдау жөніндегі міндеттерді жүктеу; республикалық және өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының мәртебесін ұлттық федерацияларға трансформациялау, сондай-ақ оларды аккредиттеуге қосымша талаптар енгізу; «мүгедектігі бар спортшыны алып жүруші» ұғымын бекіту; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын ротациялау тетігін енгізу», – деді спикер.

Қабылданған түзетулерді іске асыру шеңберінде қолданыстағы актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде және жаңа заңға тәуелді актілер әзірленуде. Заңға сәйкес 60 нормативтік-құқықтық актінің тізбесі бекітілді. Оның 54-і жарияланды.

«Негізгі жаңалықтардың бірі спорттың 46 басым түрін анықтау болды. Аталған тізбеге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарының бағдарламаларына кіретін дисциплиналар, сондай-ақ Азия және Параазия ойындарында ұсынылған олимпиадалық емес спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері енгізілген», – деді вице-министр.

Қабылданған шаралар ресурстарды әлеуеті жоғары спорт түрлеріне бағыттап, Қазақстанның жоғары жетістікті спорттағы нәтижелерін арттыруға мүмкіндік береді.