Қазақстанда банк құжаттарын рәсімдеу талаптары өзгерді

0
115

Қаулы 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстанда банк құжаттарын рәсімдеу талаптары өзгерді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Қазақстанда банк құжаттарын рәсімдеуге қатысты бірқатар талап өзгерді, деп жазады zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстанда жұмыс істейтін бейрезидент банктердің филиалдары теңгемен көрсетілген вексельдерді есепке ала алады. Шетел валютасымен операциялар жүргізуге лицензиясы болған жағдайда шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді де есепке алуға рұқсат етіледі.

Егер аударым векселі бойынша төлем жасаушы немесе жай вексельді берген тұлға жалған болып шықса, банк мұндай құжаттың ұсынылғаны туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті.

Жалған екенін біле тұра вексельді есепке алған банк Қазақстан заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ банк қағидалар талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес жауап береді.

Қазақстан аумағында чектерді пайдалану тәртібі де нақтыланды. Енді елімізде чектер тек ұлттық валюта – теңгемен жазылады. Ал шетел валютасымен көрсетілген чектердің айналымы "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар чектерді пайдалану туралы шартта чек сомасын санмен және жазбаша көрсету тәртібі белгіленеді. Сома жазылғаннан кейін қалған бос орын екі сызықпен сызылуға тиіс.

Өзгерістер басқа да бірқатар құжатқа енгізілді.

Қаулы 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.