ERNUR.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) бүгін, 2026 жылғы 5 қыркүйекте, Қазақстан тұрғындарына маңызды ескерту жасады, деп жазады Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, сервистердің жұмысын жақсарту және жобаларды жетілдіру үшін техникалық жұмыстар жүргізу қажет.
"6 қыркүйекте сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін жобалар қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолайсыздықтың алдын алу үшін барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтау қажет", – деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ).


